Әлем
1 мин оқу 241

Әзірбайжан әскерін Ауғанстаннан эвакуациялады

<p style="text-align: justify;">Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай аймағында түрік контингенті құрамында миссияны орындаған 120 адамнан тұратын әзірбайжандық әскери қызметшілер Ауғанстаннан шығарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы бейсенбіде Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада Әзірбайжан бітімгерлерінің, қару-жарақ пен әскери техниканың Анкараға жеткізілгені айтылған.

Әзірбайжанға әскери қызметшілерді қайтару жақын арада жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Әзірбайжан әскерін Ауғанстаннан эвакуациялады · Egemen Qazaqstan