Әлем
1 мин оқу 210

Кабул әуежайындағы жарылыстан қаза тапқандар бар

<p style="text-align: justify;">Бейсенбіде Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай аймағында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Анадолы» ақпараттық агенттігінің тілшісі Ауғанстан астанасынан хабарлағандай, жарылыс дыбысы әуе айлағы аймағынан әлдеқайда алыс жерде естілген. 

«Әл-Жазира» телеарнасы «Талибан» қозғалысының өкілдеріне сілтеме жасап, 13 адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Кабулдағы жедел жәрдем ауруханасының өкілдері Twitter -де жарылыс аймағынан келген 60 адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

Жарылыс фактісін Пентагон өкілі Джон Кирби растады. 

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Кабул әуежайы маңында болған жарылыстан 4 америкалық әскери қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланғанын хабарлады.

Сондай-ақ Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Кабул әуежайының сыртында екі жарылыс болғанын хабарлады. Түрік әскері арасында қаза тапқандар жоқ.

Бөлісу: