Алдағы күндері ауа райы суытады - Қазгидромет
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 31 тамыз – 02 қыркүйек күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Атлантика аудандарының суық антициклоны, шығыс бағытта жылжуын жалғастырады. Бұл елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында салқындауға әкеледі», деп жазады синоптиктер.
Термометрлер күндіз солтүстік пен шығыста 10-20 жылыға дейін, ал оңтүстік-шығыста 20-28 жылыға дейін төмендейді.
Түнгі уақытта Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған.
2 қыркүйекте Батыс аймақтарға Баренц теңізі аудандарынын циклоны әсер ете бастайды, олармен бірге жаңбыр, найзағай және жел күшейеді.
