Жамбыл облысында 180 отбасы баспаналы болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Конституция күніне орай Тараз қаласындағы 15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды.
«Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсатымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», деді өңір басшысы.
