Әлем
1 мин оқу 470
Түркіменстан ауған босқындарын қабылдаудан бас тартты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Президент Гурбангулы Бердымухамедов Түркіменстан ауған босқындарын қабылдамайтынын ресми мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Бұл туралы Президент 29 тамызда Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескенде айтты.
Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бердымухамедов қазіргідей адам өмірі үшін қауіпті болып жатқан жағдайда коронавирус инфекциясының таралуы мүмкін екенін еске алу керек деген.
Алайда ел билігі Ауғанстанда бейбітшілік орнату процесстеріне көмектесу үшін тұрақты түрде гуманитарлық жәрдем беріп тұра алатынын мәлімдеді.
Бөлісу:
