Аймақтар
1 мин оқу 323

ШҚО-да 45 тонна шөп өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында жер үйдің ауласында өрт шығып, 45 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

ШҚО-да 45 тонна шөп өртеніп кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қабанбай ауылындағы жеке тұрғын үй ауласында сақталған 45 тонна пішен өртенген. Тілсіз жау бірден шаруашылық қора-жайға тарап кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жеткен.

«Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – қасақана өртеуден болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті материалдар полиция қызметкерлеріне берілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
ШҚО-да 45 тонна шөп өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan