Аймақтар
1 мин оқу 730
Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді
<p style="text-align: justify;">Ақжар ауданында ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының хатына сәйкес, әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қаулыға сәйкес, СҚО Ақжар ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:
- эпизоотия ошағы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын эпизоотия ошағының шекарасынан 6 (алты) километр радиустағы қолайсыз аймақ;
- қолайсыз аймақ шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы буфер аймағы;
- Ақжар ауданы Новосельск ауылдық округі Горьков ауылы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын буфер аймағының шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы бақылау аймағы;
- Ақжар ауданы Восход ауылдық округі Восход ауылын, Ұялы ауылдық округі Ұялы ауылын, Май ауылдық округі Май ауылын қамтитын бақылау аймағының шекарасынан тысқары қолайлы аймақ.
Бөлісу:
