Аймақтар
1 мин оқу 375

Жамбылда 2 тоннадан астам есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында ауыл тұрғындарынан 900 кг-нан астам каннабис тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жыл басынан бері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында барлығы 2 тонна 23 килограмм түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Polisia.kz таратқан ақпарат бойынша, «Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 928 кг каннабис табылған, сондай-ақ күдіктіні жеке тінту кезінде 320 грамм каннабис шайыры тәркіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі УҰИ-ға қамалды.

Аталған қылмысы үшін кінәлінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Бөлісу: