Саясат
2 мин оқу 373

Онлайн қабылдау кестесі

<p style="text-align: justify;">Nur Otan партиясы орталық мемлекеттік органдар басшыларының қыркүйек айында азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Карантиндік шектеулер ескеріле отырып, олар Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн форматта өтеді.</p>

Онлайн қабылдау кестесі

Сонымен 1 қыркүйекте азаматтарды қабылдауды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіраманов, 3 қыркүйекте – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, 8 қыркүйекте – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір өткізеді.

Азаматтарды партия алаңында 10 қыркүйекте – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 15 қыркүйекте – Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, 22 қыркүйекте – Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрінің орынбасары Кемел­бек Ойшыбаев, 24 қыркүйекте – Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Бейбіт Атам­құлов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарба­сов, 29 қыркүйекте – Әділет минис­трі Марат Бекетаев, 30 қыркүйекте – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін:

  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
  3. komek@nurotan.kz

Айта кету керек, жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мың азамат өтініш білдіріп, партия мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың басшылары 20 мыңға жуық қабылдау өткізді.

Талдау көрсеткендей, өтініш­тердің басым бөлігі әлеуметтік қам­сыздандыру, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты. Бүгінде 103 мың өті­ніштің 43%-ы жедел шешіліп, 54%-ы бойынша консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді, қалған 3%-ы орындалу үстінде.

Сондай-ақ Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаң­ында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған жоғарыда көрсетілген байланыстар арқылы жазылуға болады.

Бөлісу:
Онлайн қабылдау кестесі · Egemen Qazaqstan