Қоғам
1 мин оқу 505

Тексеру комиссиясы құрылды

<p style="text-align: justify;">Қарулы Күштердің барлық қоймаларындағы оқ-дәрілерді тексеру комиссиясының құрамы тағайындалды. Оған Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық етеді.</p>

Тексеру комиссиясы құрылды

Шешім Жамбыл облысында орын алған оқиғаға байланысты қабылданды. Алғашқы сәттен бастап-ақ Қорғаныс министрлігі өрт салдарын жою жұмыс­тарын ұйымдастырып, оқиғаның туындау себептері мен мән-жайын талдады.

Қорғаныс министрлігі Арыста болған өрттен кейін мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаған болатын. Сондай-ақ Қарулы Күштерде Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып, 30 жыл ішінде алғаш рет оқ-дәрі­лерге толық түгендеу жүргізілді және екі сақтау база­сының құрылысы ұйымдастырылды.

Қабылданған шараларға қарамастан, берілген бірқатар тапсырмалардың өз деңгейінде орындалмауы Жамбыл облысындағы оқиғаның себебі болуы да мүмкін. Оқиғаның шынайы себептері мен кінәлілерді тергеу жұмыстары анықтауы тиіс.

Оқ-дәрілерді сақтау объектілері режімдік екенін ескере отырып, комиссия жұмысына кеңесшілер ретінде тәуелсіз және білікті сарапшыларды, оның ішінде Қарулы Күштердің ардагерлерін тарту тапсырылды.

Комиссия оқ-дәрілердің сақтау жағдайына объек­тивті баға беріп, барлық кемшілікті анық­тауға және оларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйым­дастыруға ықпал етеді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Тексеру комиссиясы құрылды · Egemen Qazaqstan