Президент
1 мин оқу 610

Әрбір заң жобасы сапалы дайындау керек – Қ.Тоқаев

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«7-ші шақырылымдағы Парламент өзінің бірінші сессиясында 63 заң қабылдады. Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды. Бүгін Парламенттің кезекті сессиясы басталмақ. Алдымызда көптеген маңызды міндет тұр. Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажеттігін баса айтты.

«Осы жауапты жұмыста сіздерге сәттілік тілеймін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Әрбір заң жобасы сапалы дайындау керек – Қ.Тоқаев · Egemen Qazaqstan