Аймақтар
2 мин оқу 273

Мектептер санитарлық талапқа сай

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында биыл 12 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылар үшін әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, таза ауада салтанатты жиын ұйымдастырылып, әр балаға &laquo;Әліппе&raquo; үлестірілді. Сондай-ақ оқушылар 1 қыркүйекте өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сынып сағаттарына қатысты. Сынып сағаттары ұлы ағартушының &laquo;Кел, балалар, оқылық&raquo; атты өлеңінен басталды.</p>

Мектептер санитарлық талапқа сай

Биыл өңір мектептерінде 110 мың оқушы білім алады. Об­лыс­тық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, жаңа оқу жылы білім беру үдерісіне бірқатар өзге­ріс­тер енгізіледі.

– Ең алдымен әр сабақтың уақыты енді бұрынғыдай 40 минут емес, 45 минут болады. Бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінде талқыланып, ма­құлданды. Сондай-ақ бес күн­дік оқу аптасы сақталады, бірақ оқу үдерісін ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларды сақтауға қатысты қандай да бір күрделі мәселелер туындап жатқан жағдайда, алты күндік оқу аптасына көшірілуі мүмкін. Бұл көбіне-көп қалалық мек­тептерге қатысты. Мен таяу­­да ірі мектептердің директор­ла­рымен кездесу өткіздім, онда осы мәселені сөз еттік. Бас­тауыш сыныптар 5 күн, ал 7-сыныптан немесе 8-сыныптан әрі қарай кейбір пәндер сенбі күндері оқытылуы мүм­кін. Бұл мектептер кейбір пән­дер­ді қа­шық­тан оқытуы да мүм­кін. Қай пәнді онлайн оқыту қа­жет­тігін мектеп директорлары шешеді, – деді З.Байменова.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл мектеп киіміне қатысты талаптар бұрынғыша сақталады. Алайда ата-ананың баласына мектепке арналған киім сатып алуға мүм­кіндігі болмаса, оқушыға жалпы әдепке сай киіммен сабаққа келуге рұқ­сат етіледі.

Биылғы оқу жылы бі­лім бе­ру ошақ­­тарындағы санитарлық таза­лық­ты сақтау үшін бюджеттен 105 млн теңге бөлініп отыр. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің дені вакцина қабылдаған.

Бүгінде облыс мектептерінде жұмыс істейтін 29 288 адам екпе алған. 3 мыңнан астам адамның денсаулығына байланысты вакина қа­былдауға болмайды деген рұқсат қағазы бар. Мектеп қызметкерлері, педа­гогтер мен ата-аналар мектептерге Аshyq қосымшасы арқы­лы кіреді. 18 жасқа толмаған мек­теп оқушылары мен колледж сту­дент­тері білім ғимараттарына Аshyq қо­­сымшасына тексе­ріл­мей-ақ кіре алады, – деді об­лы­с­тық білім бас­қар­ма­сының басшысы.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Мектептер санитарлық талапқа сай · Egemen Qazaqstan