Театр
1 мин оқу 390

«Домалақ ана» операсы сахналанады

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шым&shy;кент қалалық опера және балет театры&shy;ның ұжымы 2-3 қыркүйек күндері &laquo;Астана Опера&raquo; мемлекеттік опера және балет &shy;театры сах&shy;насында Тасқын Жармұхаметтің &laquo;Дома&shy;лақ ана&raquo; операсын көрермен назарына ұсынады.</p>

«Домалақ ана» операсы сахналанады

Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының айтуынша, пандемияға байланысты екі жылдан бергі алғашқы сапарға ұжым тыңғылықты дайындалған. Нұр-Сұлтан қаласына театрдың 170-ке жуық қызметкері келсе, елордадан 50-ге жуық маман мен арнайы аспаптармен қосылып, «Домалақ ана» операсы сахналанбақ. Идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы Мәдениет саласының үздігі Тасқын Жармұхамет. Либреттосын жазған Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Мае­миров, қоюшы-режиссері – Михаил Панд­жавидзе, қоюшы-дирижер – Мәди Өмір­зақов, қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев.

«Домалақ ана» операсы тек аналық қайсар жү­рек пен қалың елге тараған кең пейілділікті айшық­тап қана қоймай, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғалардың қозғаушысы болған Бәйдібек батырдың өз халқына деген сүйіспеншілігімен бір арнаға тоғысып, қазақ елінің тарихи тереңдігін, мәдени көркемдігін кеңінен қамтиды.

Бөлісу:
«Домалақ ана» операсы сахналанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар