Экономика
1 мин оқу 270
Құрылыс жобаларының сметалық құны төмендейді
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің айтуынша, министрлік жобалаудың бастапқы кезеңінде болжамды құнын есептеу үшін «Онлайн-Калькулятор» жүйесін іске қосты.
Статистика деректері негізінде сметалық бағаларды қалыптастыру үшін «КДС-Стат» ақпараттық жүйесі енгізілді.
Жобалық шешімдерді көп мәрте қолдану және біркелкі қабылдау үшін «Жобалық сметалық құжаттаманың бірыңғай электрондық банкі» құрылды.
«Мемлекеттік қаражат есебінен салынатын әлеуметтік объектілерде 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеу ұсынылады», деді Б. Атамқұлов.
Бөлісу:
