Аймақтар
1 мин оқу 244
Қостанайда 11 жасар қызды көлік қақты
<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бүгін 13:34-те Абай-Волынов көшелерінің қиылысында «Lada» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бағдаршам жанында 11 жасар қызды қағып кетті. Бас сүйек пен түрлі дене жарақаттарын алған қыз дереу ауруханаға жеткізілді», деп түсіндірді полициядан.
Ведомствода қыздың жолдағы бағдаршамның жасыл түсіне өткен-өтпегені әлі белгісіз екені хабарланды.
«Оқиғаны түсіріп алған камераның видеосында бағдаршамның түсі көрінбейді. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде», деді полиция.
Бөлісу:
