Әлем
1 мин оқу 194
Алмаз кенішінде 12 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Конго Демократиялық Республикасындағы Ангола қаласында алмаз кенішінен улы зат сыртқа ағып, 12 адам қайтыс болды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қоршаған орта министрі Ева Бозайбаның айтуынша, Анголадағы алмаз кенішінен улы зат ағып, нәтижесінде 4500-ге жуық адам ауырған, 12 адам қаза тапқан. Ол мемлекеттің компаниядан шығынды өтеуді талап ететінін айтты, бірақ нақты соманы атамады.
Тау-кен компаниясынан әзірге жауап келмеді.
Өткен айда қоймадан құрамында ауыр металдардың қосалқы өнімі бар су ағып, өзеннің қызыл түске боялуына себеп болды. Салдарынан балықтар, бегемоттар және басқа да жануарлар қырылып қалды.
Бөлісу:
