Оқиға
1 мин оқу 192

Екі бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты.

«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым», деп жазды ол.

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ықшамауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.

Бөлісу: