Абай
1 мин оқу 250

«Достық» орденімен марапатталды

<p style="text-align: justify;">Британдық ақындар Шон О&rsquo;Брайен мен Джон Бернсайд II дә&shy;режелі &laquo;Достық&raquo; орденімен марапатталды. Құрметті атақ ел Пре&shy;зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан мен Ұлы&shy;британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі ара&shy;сын&shy;дағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, философ және ағар&shy;тушысы Абай Құнанбайұлының мұрасын халықаралық аренада ілгерілетуге сіңірген еңбегі үшін берілді.</p>

«Достық» орденімен марапатталды

Екі ақын Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы толық жинағын Кембридж университеті баспасында дайындап, басу жобасына тікелей атсалысқан. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ-мен (ҰАБ) серіктестікте жүзеге асырылған жо­ба шеңберінде британдық ақын про­фессор Ш.О’Брайен Абай поэ­зиясының аудармасын дайындаса, қарасөздерін шотланд ақыны, профессор Дж.Бернсайд тәржімалады. Айта кетейік, ағылшын тіліндегі басылым – қазақ ақынының шығар­маларын әлемнің он тілінде жариялау жөніндегі ҰАБ-ның ауқымды жобасының бір бөлігі еді.

Ордендерді табыстау рәсімінде Қазақстанның Ұлыбританияда­­ғы елшісі Ерлан Ыдырысов Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мере­келеу жылында жоғары наг-­
­радаларды иеленудің символдық мә­ні бар екенін айтты. Ол сондай-ақ Дж.Бернсайд пен Ш.О’Брайен­нің жаһандық ағылшынтілді аудито­рия арасында Абай мұрасын таны­мал етуге және екі ел мәдениетін өз­ара жақындастыру ісіне қосқан зор үлестерін атап өтті.

Профессор Шон О’Брайен – британдық ақын, сыншы, драматург. Элиот, «Forward Prize», Со­мер­сет Моэм сыйлықтарымен ма­ра­патталған. Ал профессор Джон Бернсайд – шотланд ақыны және жазушысы, Сент-Эндрюс уни­вер­ситетінің ағылшын тілі профес­соры. Поэзия мен прозаның бір­қа­тар жинағын жариялаған. Элиот, «Forward Prize», О.Генри сый­­­лық­тарының лауреаты. Оның шы­­­ғар­маларының аудармалары Гер­ма­ния, Франция, Испания, Ита­лия, Түр­кия, Нидерланд, ҚХР, Индо­не­зия, Хорватия, Бразилия және Арген­ти­нада басылған.

Бөлісу: