Қазақстанға келген шетелдіктерден КВИ анықталған жоқ
<p style="text-align: justify;">Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте Қазақстан аумағына Германия, Дания, Тәжікістаннан, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Нидерланды, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өткен тәулікте 5 641 авиажолаушы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 266 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 400 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 203 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 28 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 101 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 403 жолаушы келді.
«Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», деп жазылған хабарламада.
