«Талибан» Панджшер тұрғындарына қысым жасалмайтынын айтты
<p style="text-align: justify;">«Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Панджшер провинциясын толығымен басып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://lenta.ru/news/2021/09/06/zahvat/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Lenta.ru</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
«Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәлібтердің соңғы әрекеттері нәтиже берді. «Жалдамалы жаулардың соңғы тірегі» болған аймақта толық бақылау орнатылды», деп жазды Забиулла Муджахид өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Муджахид кейбір көтерілісшілер шайқастарда жеңілгенін, ал басқалары қашып кеткенін де атап өтті.
Сонымен қатар «Талибан» өкілі Панджшер тұрғындарына қысым жасалмайтынына сендірді.
