Қазақстан
1 мин оқу 880

Қазақстан Түркияға әуе рейстерін арттырады

<p style="text-align: justify;">Қазақстаннан Түркияға рейстер саны артады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

«Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап (Air Astana 17 қыркүйектен бастап, Turkish Airlines 25 қыркүйектен бастап) Air Astana және Turkish Airlines авиакомпаниялары Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша ұшу жиілігін аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр», деп атап өтті ААК хабарламасында.

Сондай-ақ, 22 қыркүйектен бастап SCAT авиакомпаниясы Ақтөбе-Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен ұшуды бастауды жоспарлап отыр.

Түркияға рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Бөлісу:
Қазақстан Түркияға әуе рейстерін арттырады · Egemen Qazaqstan