Қазақстан
1 мин оқу 361

Қазақстан мен АҚШ бірлесіп логистика мамандарын дайындайды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік даярлық орталығында &laquo;Батыс Африкада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бітімгершілік операцияларына логистикалық қолдау көрсету&raquo; тақырыбында логистика саласындағы офицерлерді даярлауда компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қарулы күштерді жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың білімі мен дағдысын жетілдіру, бітімгершілік миссиясы өтіп жатқан жерге әскери контингентті өз бетінше жіберуді ұйымдастыру және оны логистикалық қолдау тәртібін зерделеу.

«Жаһандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, АҚШ-тық әріптестеріміз оқу-жаттығуларға қатысып, БҰҰ-ның миссияларына қатысатын Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлерін даярлауға қомақты үлес қосқанына қуаныштымыз. Бұл платформа біздің әскери қызметшілерді даярлауға жақсы мүмкіндік», деп атап өтті Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы генерал-майор Алмас Ахмадиев.

«Аталған оқу-жаттығу басқару органдарының 2021 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастықтың 2018-2022 жылдарға арналған бесжылдық жоспары шеңберінде ұйымдастырылды», деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ бірлесіп логистика мамандарын дайындайды · Egemen Qazaqstan