WBC: Қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды
<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/kazahstanskiy-bokser-voshel-v-reyting-wbc-posle-pobedyi-nokautom" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық боксшылардың позициясы:
Ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий америкалық Джоуи Давейконы нокаутпен жеңгеннен кейін рейтингке 32 нөмірмен кірді. Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы өз жағдайын өзгертпей, 14-ші орында қала берді. Әли Ахмедов екі саты төмендеп 33-ші болды. Мейірім Нұрсұлтанов та 17-ші орынға жайғасты.
Бірінші орта салмақ өкілдері Тұрсынбай Құлахмет пен Садриддин Ахмедов тиісінше 19-шы және 20-шы қатарларды сақтап қалды. Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта 23-ші болып қалды. Өткен шығарылымда бірінші салмақ дәрежесінде 18-ші орынды иеленген Батыр Жүкембаев осы айда 22-ші болды.
