Оқиға
1 мин оқу 104
Павлодарда заң бұзған ауыл тұрғынына айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері сағат 22:30-да патрульдеу кезінде Шарбақты ауданының Шалдай ауылындағы Ленин көшесінде автокөлікті тоқтатқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
- Көлік жүргізушісі 2019 жылдың сәуір айында көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын. Алайда ол рульге неге қайта отырғанын түсіндіре алмады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, - дейді департаменттегілер.
Сот шешімі бойынша ер адамға 70 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бөлісу:
