Коронавирус
1 мин оқу 270

20 мыңнан астам адам вакцинадан кейін вирус жұқтырған

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова коронавирус жұқтыру дерегі туралы айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Зәуре Ахметованың айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі 0,1 пайыз болса, екінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі – 0,2 пайыз.

«Коронавируспен ауырғандардың статистикасын қарасақ, 99,9 пайызы вакцина алмағандар. Тек 0,1 пайызы ғана вакцина алғаннан кейін ауырған. Оның саны – 20 211 адам. Вакциналардың түріне қарай жіктесек, бірінші компонент алып ауырғандардың саны – 7 070 адам. Екінші компонент алғанннан кейін 13 141 адам ауырған. Бұл – 0,2 пайыз», деді комитет өкілі.

Бөлісу: