Бекшин Алматыдағы эпидахуал туралы айтты
<p style="text-align: justify;">Алматының бас санитария дәрігері қыркүйектің бірінші онкүндігінде қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 9 қыркүйекке қарай Алматыдағы коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталған. Алайда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «қызыл» аймақта орналасқан.
«Жыл басынан бері 137 мың жағдай тіркелген, тамызда - 47 мыңға жуық, ал қыркүйектің басынан бері тоғыз мыңға жуық жағдай тіркелген. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқыны бәсеңдеп, эпидемияның тұрақтануы байқалады, бұл COVID-19-дың үнді нұсқасына байланысты. Егер 25 тамызда 1 605 жағдай тіркелген болса, 8 қыркүйекте - 976 жағдай. Қала тұрғындары арасында аурушаңдық төмендегені байқалады. Бұл - бүгінде Алматы халқының 46 пайызында иммунитет қалыптасуына байланысты. Бірақ босаңсуға әлі ерте», деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.
