Президент
2 мин оқу 190

Маңызы зор қағидалар жүйесіне негізделген

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың &laquo;Халық бірлігі және жүйелі реформалар &ndash; ел өркендеуінің берік негізі&raquo; деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы &ndash; табиғи таза қалпымен арайлап атқан таңдағы тау самалындай әсерлі, кісінің көкірек сарайын ашатын ерекше мағыналы құжат. Бүгінгідей пандемия жағдайында оның өмірлік маңызы бар.</p>

Маңызы зор қағидалар жүйесіне негізделген

Жолдаудағы ауыл шаруашы­лығының ұлттық экономика­ның негізгі қозғаушы күшіне айналатыны туралы қағида ауыл шаруа­шылығы мамандары­ның ғана емес, ел жағдайын ой­лай­тын бүкіл қауымның ойын толқытып, тереңде жатқан арманы мен үмітін, сыры мен шынын шайқады. «Ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіру мүмкіндігі» тура­лы сөз – шындықтың жүзіне тура қарап айтылған, ауыл ең­бек­керлерінің жарқын болашаққа деген үміті мен талпынысын күшейтетін тұрлаулы тұжырым.

Жолдаудағы әлеуметтік ма­ңызы зор, өмірлік мәні үлкен ой­­ла­р­дың тұтасқан бір желісі қол­же­тімді әрі сапалы білім туралы. «Біз­дің білім беру жүйеміздің қол­жетімді әрі инклюзивті болуы» жа­йын­дағы қағида – Президент Жол­дауындағы әрбір отбасының, үл­кен­нің де, кішінің де көкейін тес­кен өзекті мәселе. Бұл мәселенің ше­­ші­ліп, іс жүзіне асуына қабілеті мен бі­лік­тілігі бар әрбір маман өз та­ра­п­ынан лайықты үлесін қосуы абзал.

Мемлекет басшысының Жол­дауында әлеуметтік маңызы жоғары, әрбір ата-ананың, әрбір қоғам мүшесінің көңілінде тұнып тұрған іргелі ойлармен сабақтас өмірлік мәні терең ірі міндеттер тиянақталған, жалпыхалықтық, ұлттық, мемлекеттік маңызы зор қағидалар жүйесі негізделген. Оларды нақты іс-қимыл арқылы жүзеге асыру мемлекеттік атқару институттарынан үлкен жауап­кершілікті, кәсіби біліктілік пен іскерлікті талап етеді. Білім, ғылым саласындағы оқу орындары мен зерттеу институттары Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерін талдап, талқылап, оны жүзеге асыру мақ­сатында белсенді ізденіс жұмыс­тарын бастап кетті.

Жанғара ДӘДЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Маңызы зор қағидалар жүйесіне негізделген · Egemen Qazaqstan