Театр
2 мин оқу 200

«Корсар» тоғызыншы маусымды ашады

<p style="text-align: justify;">16 және 17 қыркүйек күндері &laquo;Астана Операның&raquo; Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында тоғызыншы театр маусымының алғашқы спектаклі &ndash; Адольф Аданның &laquo;Корсар&raquo; балеті ұсынылмақ. Өнер көрсетудің бірінші күні пират Бирбантоның партиясында сахна төріне дарынды жас әртіс Сұтанбек Ғұмар шығады.</p>

«Корсар» тоғызыншы маусымды ашады

– Бұл маусымға жарқын пре­мьералар, гастрольдік өнер көрсету­лер жоспарланған, сонымен қатар ре­пер­туарымыздағы көрермен көзайы­мы­на айнал­ған сүбелі спектальдер мін­дет­ті түр­де орындалады. Біз алғаш рет дема­лыстан кейін балет труппасы­ның толық құрамымен жұртшылық­қа есі­гі­мізді ашамыз, бұл үшін шы­тыр­ман оқиғалы тақырыпқа құрыл­ған, қабылдауға жеңіл «Корсар» бале­тін таңдап алдық. Барлық әртістер кө­рер­мендермен қауышатын күнді ас­қан ыждаһаттылықпен асыға күтуде. Осы маусым ауқымды да мазмұнды болады деген үміттеміз, – деп пікірі­мен бөлісті Алтынай Асылмұратова.

17 қыркүйек күні Бирбантоны өнер­сүйер қауымға Олжас Маханбетәлиев ұсынады. Театрдың жетекші солис­тері: Қазақстанның еңбек сіңірген қай­­рат­керлері Әнел Рүстемова мен Гау­хар Усина (Медора), Олжас Тар­ла­нов, Арман Оразов (Конрад) және Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қайрат­кері Еркін Рахматоллаев (Құл Али) өз­де­рінің жарқын партияларын ортаға салады.

Байронның аттас поэмасының же­лісімен жасалған классикалық балет репертуарының жауһары оның ро­ман­тикалық жайма-шуақтығын, еркіндік сүйгіш рухын, күшті құштарлығын сақтайды. Теңіз қарақ­шылары – корсар­лардың өмірінен алынған оқи­ға­лар желісіне арналған туынды әртіс­терге барлық партияларда балет тех­никасымен де, драмалық дарыны­мен де жарқырай өнер көрсетуге мүм­кіндік береді. 1856 жылы қаңтар­да Парижде өткен премьераға көрер­мендер билеттерді 1,5 айдан астам уақыт бұрын сатып алуға тура келді. Қойылымның жетістігі өте зор болды, ал сахналық әсерлері театрлық қойы­лымдар тарихындағы ең үздік деп танылды. Әлемдік премьерадан бері «Корсар» балеті өзінің танымал­дылығын жоғалтқан жоқ.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: