Экономика
1 мин оқу 470

«Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы аяқталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Солтүстік ағын-2&raquo; газ құбырының құрылысы толық аяқталды.&nbsp;Бұл туралы &laquo;Газпромның&raquo; хабарламасында айтылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>

«Газпром» АҚ таңертеңгілік жедел кеңесінде басқарма төрағасы Алексей Миллер бүгін таңертең Мәскеу уақытымен 8:45-те «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы толық аяқталғанын айтты»,  деп жазылған хабарламада.

Естеріңізде болса, Ресей 2012 жылы Германияға ті­ке­лей газ жеткізетін «Солтүстік ағын» жобасының құрылысын аяқ­­таған болатын. Осылайша, сол­­түс­тіктегі көршіміздің газы Бал­­тық теңізі арқылы тікелей Еуро­­­паны көгілдір отынмен қамта­­­ма­сыз етті.

Бұл жоба тиімділігін көрсет­кеннен кейін Германия, Ресей, Финляндия, Швеция және Дания келісімге келіп, «Солтүстік ағын – 2» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Осылайша, 2016 жылы газ құбырын төсеу жұмыстары басталып кеткен-ді.

«Солтүстік ағынның» салқыны жайлы мақала сайтымызда бір жыл бұрын жарияланғанын айта кетейік.

Бөлісу:
«Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар