Аймақтар
1 мин оқу 160
ШҚО-да медицина қызметкері жалған вакцина құжатын жасаған
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы медицина қызметкері еңбекақысына үстемақы қосу үшін жалған вакциналау паспортын жасаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

54 жастағы маман кейбір тұрғындарды екпе алған адам ретінде рәсімдеп, алайда препаратты төгіп тастап жүрген. Медициналық қызметкер бұлтартпас айғақтармен ұсталып, тергеу амалдары басталды. Жалған паспорт жасаушы 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аталған медицина қызметкерінің әрекеттеріне ҚР ҚК 385 бабы бойынша тиісті процессуалдық баға берілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
