Коронавирус
1 мин оқу 150

Ауғанстаннан келгендер арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма?

<p style="text-align: justify;">Қазақстанға Ауғанстаннан келген қандастардың ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауғанстаннан келгендер арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма?

Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

«Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлығы теріс», деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.

Бөлісу:
Ауғанстаннан келгендер арасында коронавирус жұқтырғандар бар ма? · Egemen Qazaqstan