Қоғам
1 мин оқу 231

Есірткі саудалайтын 810 сайт бұғатталды

<p style="text-align: justify;">Биыл полиция қызметкерлері есірткі саудалайтын 810 интернет порталдың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Есірткі саудалайтын 810 сайт бұғатталды

Оның айтуынша, мұндай сайттар есірткі сатуды әлдеқайда жеңілдетті. Соңғы бір жылда тексерістер нәтижесінде 12 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Олардың басым бөлігі марихуана, героин мен синтетикалық заттар. 11 есірткі лабораториясы жабылды.

Тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңды айналымын да тексерді. Мәселен, дәріханаларда мұндай заттарды рецептсіз сатып жатқандар да аз емес болып шықты. Барлығы 18 қылмыстық бұзушылық анықталған.

Бөлісу: