Қазақстанға 5 мыңнан астам халықаралық жолаушы келді
<p style="text-align: justify;">Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 12 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
12 қыркүйек күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Пәкістан, Болгария, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 5 554 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 095 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 283 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 336 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 34 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 218 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 90 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына - 3 рейс, 368 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 130 жолаушы;
«Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген», деп жазылған хабарламада.

