Пікір
1 мин оқу 665

Театр – қазақ тілінің шаңырағы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Тәуелсіздік &ndash; біздің ең қастерлі құнды&shy;лығы&shy;мыз. Егемендік дегеніміз &ndash; жалаң ұран мен жалынды сөз емес&raquo;, деді Қазақ&shy;стан Республика&shy;сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы тіл&shy;ге тиек еткендей биыл Тәуелсіз&shy;дігімізге 30 жыл, сонымен қатар Қаллеки театрына да 30 жыл.</p>

Театр – қазақ тілінің шаңырағы

Егемендігіміздің төл құрдасы Қ.Қуа­нышбаев атындағы Мем­ле­кеттік академиялық қазақ музыка­лық-драма театры Елбасымыздың бастамасымен, ел Президентінің қолдауымен жаңа ғимаратқа көшіп, шығармашылық жолында жаңа белеске қадам басты.

Сондай-ақ Президент: «Бола­шағын Отаны­мыз­бен байланыстыра­тын әр­бір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл – отаншылдық­тың басты белгісі деуге болады. Қазақ тілі, шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналып жатыр», деп баса айтты. Ал театр – тіліміздің кең насихатталып, өрісін кеңейтуіне жол ашар киелі шаңырақ.

Мемлекет басшысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызмет­кер­­лерінің, мұ­рағатшылардың, кітап­хана­шылардың, тех­никалық қызмет­керлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Демек Президентіміздің қолдауын үлкен жауапкершілікпен сезініп, мәдениет пен өнері­міздің өркендеуі жолында ерінбей еңбек етуге тиіспіз.

Қуандық ҚЫСТЫҚБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бөлісу:
Театр – қазақ тілінің шаңырағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар