МӘМС: медициналық көмек көлемі өсті
<p style="text-align: justify;">2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақ­стан­да медициналық көмектің бірқатар бағытының көлемі өсті. Бұл жалғасын та­уып жатқан коронавирус пандемиясы жағдайында да ден­сау­лық сақтау жү­йесінің жұмыс істеуге бейімделгендігін көрсетіп отыр. Ден­сау­лық сақтау ми­нис­трл­ігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді.</p>

Емханалар деңгейінде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің көлемі ұлғайды. Консультациялар мен диагностикалық қызметтер саны 2020 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты. Барлығы 70 млрд теңге сомасына 41,1 млн қызметтің түрі көрсетілді, бұл 2020 жылдың 1-жарты жылдығына қарағанда 12,7 млн-ға артық болып отыр.
Сонымен қатар МӘМС амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Науқастардың тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін аурулар тізімі 45-тен 138-ге дейін кеңейтілді.
«Бұл жерде, ақпараттық жүйелерде жан басына шаққандағы нормативпен (МСАК, мектеп медицинасы) қаржыландырылатын көрсетілген қызметтер бойынша деректер толық көлемде енгізілмеген. Медициналық ұйымдардың барлығы аталған қызметтер бойынша деректерді толық енгізуі қажет», деді Қор басшысы.
Сонымен қатар Б.Төкежанов мамандандырылған медициналық көмекке тоқталды. Мәселен, өткен жартыжылдықта медициналық сақтандыру есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 434,3 мыңнан астам пациент ем алды. Бұған МӘМС жүйесіне барлық стационарлық көмекті қаржыландыру көлемінің 51,2%-ы бағытталған.
«Медициналық ұйымдарда 376 мың ота жасалды. Жоспарлы емдеуге жатқызуды 10 күн күтетін пациенттердің саны 42%-ға (13,2 мыңнан 11,4 мың пациентке дейін) қысқарды», деді ӘМСҚ басшысы.
Б.Төкежанов сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды ынталандыруды жалғастырып отырғанын айтты. Осы қызметтер бойынша Өнім берушілер саны 20 есеге, 64-тен 618-ге дейін өсті, ал көрсетілген қызметтерді қаржыландыру көлемі 22 млрд теңгеден асты.
