Қоғам
3 мин оқу 510

Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз&shy;метінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфра&shy;құрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев &laquo;Нұрлы жол&raquo; мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер, 2021 жылғы құрылыс және реконструкциялау жобалары, жергілікті желіні дамыту, жұмыс сапасы, ақы алу жүйесін енгізу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы әңгімеледі.</p>

Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қазақстанның автожол саласын ілгері­лету үшін Инфрақұрылым­ды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзір­лен­ген болатын. Биылдан бас­тап аталған бағ­дарлама «Қуатты өңір­лер: ел дамуының драй­вері» ұлттық жобасына айналады.

«2020 жылға дейін біз рес­пуб­ликалық маңызы бар жолдардың 13 мың шақырымға жуығын ре­конструкцияладық, бұл респуб­ликалық желінің 89%-ын және жергілікті желінің 75%-ын нор­мативтік жағдайға жеткізуге мүм­кіндік берді. Жалпы, Ұлттық жо­баға сәйкес республикалық ма­ңызы бар жолдардың 12 мың ша­қырымын құрылыс және рекон­струкциямен, ал 11 мың ша­қы­рымын жөндеумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ жергілікті желі жолдарының 27 мың шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланған», деді Б.Камалиев.

Вице-министрдің айтуын­ша, биыл жол-құрылыс жұмыста­ры­мен 8,4 мың шақырым, оның ішін­де республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, соның 3,6 мың шақырымы реконструкциямен, 1,4 мың шақырымы жөн­деу жұмыстарымен қамтылды. Жергілікті желінің жолдары мен көшелерінде жол-құрылыс жұ­мыс­тары 3,4 мың шақырым жол­да жүргізілуде. Жыл қорытынды­сы бойынша республикалық автомобиль жолдарының 90%-ын және облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 80%-ын нормативтік жағдайға жеткізу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту қарқын алды. Бүгінгі таңда реконструкция жұмыстарымен ұзындығы 955 шақырым болатын Қараған­ды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті – Қапшағай учаскесі қам­тылған. Еліміздің шығысында Тал­ды­қорған – Өскемен (768 ша­қырым) және Қалбатау – Май­қап­шағай (415 шақырым) автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Үшарал-Достық» (184 шақырым) авто­жолының, «Мерке – Бурылбайтал» (262 шақырым), сондай-ақ, ұзындығы 96 ша­қырым болатын «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолдарының реконс­трукциясы жүр­гізіліп жатыр. Ба­тыс өңірде Ақтөбе – Атырау – Астрахань (740 шақырым) дәлізін жа­ңарту бойынша жұмыстар қар­қын ал­ды. Сондай-ақ Шамал­ған стансасының темір жол өт­ке­лін­де жол айрығының құ­ры­­лы­сы жал­­ғасуда. Жалпы, жыл қоры­тын­дысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 2,2 мың шақырымында жұмыстарды аяқ­тау жоспарланған. Атал­ған жоба­лар 2021-2023 жылдары кезең-кезеңмен тәмамдалады. Бұдан бө­лек, мем­­лекет-жекеменшік әріптестігі аясын­да Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы­ның құрылысы жүргізілуде, ол 2024 жылы аяқталады.

«2025 жылға дейін біз об­лыс­тық және аудандық маңызы бар автомобиль жол­дарының нор­мативтік жағдайдағы үле­сін 95%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл жергілікті желідегі 3,4 мың шақырым жолды қамти отырып, құрылыс, реконструкция мен жөндеудің 337 жобасы іске асырылуда», деді спикер.

Брифинг барысында жол­дар­ға ақылы жүйе енгізу мәселесі де кө­терілді. «Ақы­лы жолмен жүру та­рифтері 2013 жылы бірінші ақылы учаске енгізілген кездегі деңгейде қалғанын атап өту қажет: жеңіл автокөліктер үшін – 1 шақырымына 1 тең­­ге, ауыр жүк көліктері үшін – 1 шақы­­ры­мына жүк көтерімділігіне байланыс­ты
5 тең­геден 25 теңгеге дейін», деді ве­домство өкілдері.

Б.Камалиевтің айтуынша, ақы­­лы жүйе автожолдарды нор­ма­тивтік күтіп ұстау үшін енгізіліп жатыр, аталған жүйе шығын­дарды толық көлемде жабуға және рес­публикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін ақылы жүйені рес­публикалық желідегі автомо­биль жолдарының 11 мың шақы­ры­мына енгізу көзделген. Сон­дай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 100%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілмек.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі өкіл­де­рінің айтуынша, бүгінде рес­пу­б­ликалық маңызы бар жол­дардың бойында 1 738 қызмет көр­сету ны­саны бар, олардың 1 093-і немесе 63%-ы
Ұлт­тық стандарт талаптарына сәйкес ке­леді. 2021 жылдың соңына дейін бұл көр­сет­кішті 66 %-ға дейін арттыру қажет.

Бөлісу:
Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда · Egemen Qazaqstan