Серікқали Брекешев ант қабылдады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалған Серікқали Брекешев ант қабылдады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жаңа министр Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімін жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзінің іс-әрекетінде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елінің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант берді.
