СҚО-да 12 жасар қызды «КамАЗ» басып кетті
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында «КамАЗ» жүргізушісі 12 жасар қызды қағып кетті, апат салдарынан қыз оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жол-көлік оқиғасы жөнінде СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
«14 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында Қызылжар ауданы аумағында, «Петропавл-Жезқазған автожолының 953 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан велосипед теуіп жүрген 12 жасар қыз жүк көлігінің астына түсті. Апат орнына Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жөнелді. Анықталғандай, «КамАЗ» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі велосипедшілермен бір бағытта келе жатқан. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері әуежай жақтан шыққан екен. Оларға «Газель» көлігі ілесіп жүрген», делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан қыз бала қаза тапты. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді.

