Әлем
1 мин оқу 320

Жапонияда 100 жастан асқандар 86510 адамға жетті - рекорд

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің сейсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, елде 100 жастан асқандар саны рекордтық 86510 адамға жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бұл туралы Kyodo агенттігі мәлімдеді.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде елде ұзақ жасаған адамдар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 6060 адамға көбейген. Өсім 51-ші жыл қатарынан сақталып келеді. Ұзақ өмір сүруші 86 510 адамның ішінде әйелдер 88,4 пайызды (76 450) құрап отыр.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 475 адамға көп. 1963 жылы Жапонияда ұзақ өмір сүретіндер саны 153 адам болған, 1981 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамнан, ал 1998 жылы – 10 мың адамнан асқан.

Осының барлығы негізінен медицинадық технологиялар саласындағы жетістіктердің арқасы екені атап өтіледі. Шілде айында министрліктен Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 2020 жылы екі жыныс өкілдері үшін рекордтық санға: әйелдер үшін – 87,74 пайыз, ер адамдар үшін – 81,64 пайыз жеткенін мәлімдеді.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Фукуоканың 118 жастағы (1903 жылы дүниеге келген) тұрғыны Кане Танака – елдегі ең кәрі әйел. Ол Гиннестің рекордтар кітабында жасы ең үлкен адам болып танылған. Ал 111 жастағы Микизо Уэда – Жапонияның ең кәрі ер адамы.

Бөлісу: