Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты жоғарылады
<p style="text-align: justify;">Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151 ұпай бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚФФ-ға сілтеме жасап.</p>
Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.
Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1811) болса, үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.
ФИФА рейтингі (16.09.2021):
1. Бельгия – 1832 ұпай
2. Бразилия – 1811
3. Англия – 1735
4. Франция – 1754
5. Италия – 1735
6. Аргентина – 1725
7. Португалия – 1674
8. Испания – 1673
9. Мексика – 1666
10. Дания – 1658
…
27. Украина – 1520
55. Финляндия – 1407
57. Босния және Герцеговина – 1405
119. Нигер – 1156
120. Казақстан – 1151
121. Жаңа Зеландия – 11491.
