Спорт
1 мин оқу 170

Жақсы дайындықтың нәтижесі – 4 медаль

<p style="text-align: justify;">Ресей тарапының ұсынысымен 2018 жылғы қыркүйекте Душанбеде болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кезекті саммитінде Олимпиада жылдарында ТМД елдерінің 14 пен 23 жас аралығындағы спортшыларының&nbsp; Ойындарын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Жуырда спорттың 16 түрінен болған алғашқы осы ойындар Татарстан астанасы Қазан қаласында аяқталды.&nbsp;&nbsp;&nbsp;</p>

Жақсы дайындықтың нәтижесі – 4 медаль

Ойын түрлерінің қатарына дзюдо, самбо, бокс, тай боксы, семсер­лесу, каратэ, гир спорты, армрес­тлинг, күрес және т.б. бол­ды. Оған Қазақстаннан басқа Әзер­байжан, Армения, Бела­русь, Қыр­ғызстан, Молдова және Ресейден 1,5 мыңдай спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасын 200-ге жуық спортшы құраған еді. Соның ішін­де солтүстікқазақстандық 5 бокс­­шы болды. Қызылжарлық өрен­­­­дер намысты қолдан бермей Қа­зақ­­стан қоржынына 1 алтын, 3 кү­­­міс салды. Алтын жүлденің ие­­ге­рі, тай боксының шебері Шәміл Е­р­ма­ған­бетов алдымен ресейлік, со­сын бе­­ла­­рустық қарсыластарын қа­пы қал­­дырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Солтүстікқазақстандық спорт­шылар халықаралық ойын­дарға Петропавлдағы және Щучье қала­сындағы спорттық аймақтар­да екі кезеңмен ұзақ дайындалған еді. Нәти­жесінде бес спортшының төр­теуі жақсы нәтижелер көрсетті. Егер финалда Шәмілден басқа спорт­­­шыларымыз да жақсы өнер көр­­­сеткенде қоржынымыз толым­ды­­рақ болар еді... Бірақ соның өзін­­де біз­дің үлесіміз жақсы деп са­най­мыз», дейді тай боксының жат­тық­­­ты­рушысы Иван Ван-Хон-Тун.

Шәмілдің өзі қарсыластарының осал болмағанын, екеуі де халық­аралық дәрежедегі спорт шебер­лері екенін айта келіп, қапысыз дайындықтың арқасында ғана оларды жеңе алғанын жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандықтар 18 алтын, 35 күміс және 53 қола медальмен үшінші орын алды.

Бөлісу: