Алматыда карантин талаптары жеңілдейді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жаңа қаулыда спорт кешендері, спорттық-сауықтыру мен фитнес, йога орталықтарының жұмысына рұқсат берілді.
Монша, сауна, СПА, бассейн қызметіне де рұқсат. Демалыс күндері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 00:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Ал Ashyq көшбасшылары түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады.
Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, асханалар және басқалар) жұмыс істейді, бірақ келушілер саны бір уақытта 70 адамнан аспауы керек.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
