Қазынашылықтар ынтымақтастығы
Ресей Федералдық қазынашылығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің арасындағы кездесу тәжірибе алмасуға бағытталды. Бұл кездесу 2013 жылғы 24 сәуірде Киев қаласында қол қойылған техникалық әріптестік туралы меморандум аясында жүзеге асты.
Ресей Федералдық қазынашылығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің арасындағы кездесу тәжірибе алмасуға бағытталды. Бұл кездесу 2013 жылғы 24 сәуірде Киев қаласында қол қойылған техникалық әріптестік туралы меморандум аясында жүзеге асты.
Ресей қазынашылығы делегациясын Ресей Федералдық қазынашылығының басшысы Роман Артюхин бастап келді.
Кездесуде және Қазақстан қазынашылығының жобаларын таныстыру барысында Қазақстан мен Ресей қазынашылықтарындағы операцияларда ақпараттық технологияларды қолдану, аумақтық бөлімшелер қызметін дистанциялық бақылаудың артықшылықтары мен жетістіктері, мемлекеттік мекемелерде есепке жатқызу әдісі бойынша бухгалтерлік есептеуді және қаржылық есептілік құруды енгізу мәселелерін талқылады.
Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелерге «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесі толықтай енгізілді. Бұл жүйе арқылы қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде онлайн-режімде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі. Сол сияқты қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетілді, 5 мыңнан астам шоттар ашылды, қазынашылық жүйесінің 3,5 мыңға жуық пайдаланушылары бар.
2013 жылдың шілдесінен бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің шоттары ашылып, қызмет көрсетіле бастады.
2014 жылы Қазынашылық комитеті жергілікті бюджет мекемелерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Роман Артюхин қазақстандық әріптестерінің қызметіне «Қазақстан қазынашылығы барлық деңгейде де мемлекеттік қаржы-қаражатты тиімді басқаруға арналған, бюджеттік рәсімдерді атқаруға қатаң бақылау жасайтын ақпараттық негіз болып табылатын дамушы қаржы институты», деп оң баға берді.
«Егемен-ақпарат».
