Коронавирус
1 мин оқу 250

Вакцина алмаған жұмысшылар жұмыстан шеттетіледі

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының бас санитар дәрігері өнеркәсіп кәсіпорындарының вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вакцина алмаған жұмысшылар жұмыстан шеттетіледі

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектелсін. Бұл ретте ұйымдарың екпе алмаған қызметкерлеріне 7 күнде бір рет ПТР-тесті тапсыруға міндеттелсін», деп жазылған қаулы мәтінінде.

Өңірлік бас санитардың мұндай шешім қабылдауы ҚР бас санитар дәрігерінің №38 қаулысына сәйкес келеді.

«Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтар қабылдайды», деп жазылған қаулыда.

Бөлісу:
Вакцина алмаған жұмысшылар жұмыстан шеттетіледі · Egemen Qazaqstan