Аймақтар
3 мин оқу 305

Жамбыл өңірінде жомарт жандар марапатталды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл өңірінде игі бастамаларға барынша қолдау көрсетіп, қолда барын көпшілікпен бөлісіп келе жатқан азаматтар баршылық. Қоғамда қайырымды жандарға құрмет те бөлек. Аймақтағы Атымтай Жомарт азаматтарды көпшілікке үлгі ету мақсатында, &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасы аясында төртінші жыл қатарынан &laquo;Жомарт жүрек&raquo; сыйлығы тапсырылып келеді. &laquo;Жомарт жүрек&raquo; қайырымдылық саласындағы бұл сыйлық Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге елімізде қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғам назарын аудару мақсатында тағайындалған.</p>

Жамбыл өңірінде жомарт жандар марапатталды

Дәстүр бойынша Тараз қаласында­ғы Қайрат Рысқұлбеков атындағы сая­бақта Жамбыл облысының әкімі Бер­дібек Сапарбаевтың қатысуымен «Жо­март жүрек» сыйлығының облыстық ке­­зеңдегі лауреаттарын марапаттау рә­сі­мі өтті. Салтанатты жиында облыс басшысы қайырымдылық шара­ларын ұйым­дастырумен айналы­сып келе жат­­­қан азаматтарға алғыс біл­дірді. «Қайы­рымдылық – біздің қасиетті құнды­лы­ғымыз. Біз қашаннан бір-бірі­мізді қол­дап, көмек көрсетіп, мейірімділік та­нытамыз. Сонау ашаршылық, со­ғыс кезінде де ата-бабаларымыз ұл­ты­на, тіліне қарамай көпке көмек көр­сетіп, қолұшын бергені белгілі. Сол игі дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Ел­ба­сымыздың «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасының аясында қолға алын­ған «Жомарт жүрек» жобасы біздің өңірі­мізде де табысты жүзеге асуда. Қам­­қорлықты қажет ететін отбасыларға біз­­дің демеушілеріміз, кәсіпкерлеріміз үнемі қайырымдылық танытады. Бұ­дан бөлек облыста «Жомарт түлек» жо­басын жүзеге асырудамыз. Ондағы мақсат – табысты түлектерді өзінің мектебінің, туған ауылының әлеуметтік мәселелерін шешуге, өркендетуге тарту, сондай-ақ олардың өнегелі өмір жо­лын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсы­ну. Сонымен қатар халқымызды бір­лікке үндейтін «Асарлатып үй салу жоба­сын» қолға алған болатынбыз. Ежел­ден келе жатқан игі дәстүр – асар әді­сін қайта жаңғыртқан бұл бастама аясын­да кәсіпкерлер мен қайырымды жан­дар атсалысып, көптеген мұқтаж от­ба­сына үй салып беруде. Біз бірлі­гіміз бен ұйымшылдығымыздың, табан­ды­лығымыздың арқасында барлық қиын­шылықты еңсере аламыз», деді облыс әкімі. Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ме­руерт Лештаеваны «Жылдың үздік ұйы­­мы» ата­лымымен марапаттады. Атал­ған қоғамдық бірлестік тарапынан Байзақ ауда­нын­дағы жарылыстан зардап шеккен тұр­ғындарға көмек көрсету үшін 500 мың теңгеден астам қаражат жинап, оған Қайнар ауылындағы 19 отбасына азық-түлік сатып әперген. Ал балаларды қор­ғау мерекесіне қаланың қоғамдық бірлес­тіктерінен 110 балаға жалпы көлемі 1,2 мил­лион теңгеге сыйлық алып берген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі бала­лар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қамтылған.

Сонымен қатар «Туған өлке» аталы­мы Еркінбек Куатбековке тапсы­рылды. Ол Талас ауданы Майтөбе ауы­лына жалпы құны 18 миллион теңге бо­латын кіші футбол алаңын және 1,2 миллион теңгеге Street workout са­­лып берген. Ал «Жылдың үздік қам­­қоршы­сы» аталымын осы жылы М.Мәме­това атындағы №13 жалпы орта білім беретін мек­тепке құны 12 миллион тең­гені құрайтын STEM лаборатория­сын сыйға тартқан Әбутәліп Мүтәлі иеленсе, «Жыл тұлғасы» аталымымен Ғалия Әбітаева марапатталды. Ол биыл 30 жылға жуық баспанасыз жүрген, төрт ұлынан айырылған қос қарияға және оның екі жетім не­ме­ресіне үй алып беру мақсатында қайы­рымдылық ак­циясын ұйымдастырып, атал­ған тұр­ғындардың баспаналы болуына ат­са­лысқан. Сондай-ақ коронавирус інде­тіне байланысты карантин талаптары мен тәртіптерін орын­дауға шақырған және көпшіліктің вакцина салуы үшін ел ішінде наси­хат, үгіт жұмыстарын жүргізген. Меди­ци­налық және шаруашылық заттар алу үшін тұрғындарға үндеу тастап, 60 миллион теңгеден астам қаржы жинауға ықпал еткен. Сөйтіп Шу ауданындағы емхана және ауруханаларды жабдықтауға мол үлесін қосқан. Ал «Жыл мецена­ты» ата­­лымын Талғат Тұрғымбаев иелен­ді. Ол Жуалы аудандық орталық ауруха­насына жалпы құны 109 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берген. Оның ішінде заманауи құрал-жаб­дықтармен толықтай жабдықталған реани­мобиль, 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, меди­ци-­
налық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын 5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын ар­найы қорғаныс костюмдері, бір рет қолда­нылатын медициналық қолғаптар сияқ­ты қорғаныш құралдарын және 10 дана от­тегі концентраторларын алып бер­ген. Жомарт жандарға бұл аталымдар­ды облыстық мәслихаттың хатшысы Мах­метғали Сарыбеков, облыстық ардагер­лер кеңесінің төрағасы Еркінбек Сол­тыбаев, облыстық кәсіподақтар бірлес­тігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік уни­­верситетінің ректоры Талғат Ешен­құлов тапсырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом­дармен қатар, қаржылай сыйлықтар да табыс етілді.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Жамбыл өңірінде жомарт жандар марапатталды · Egemen Qazaqstan