Аймақтар
1 мин оқу 150
Екібастұзды көмірге тәуелділіктен арылту көзделуде
<p style="text-align: justify;">Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының экономикасын әртараптандыру туралы баяндады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өңір әкімінің баяндауынша, кешенді жоспардың негізгі мақсаты – көмірге сұраныстың азаюы жағдайында қала экономикасын жан-жақты әртараптандыру.
«Біріншіден, жеке инвесторлар үшін индустриялық аймақ құрылады. Осыған әлеуетті жобалар пулы да бар. Екіншіден, жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қажетті қуаттармен қамтамасыз ету үшін 2 энергия блогын салу керек. Үшіншіден, көмір өндірісін одан әрі дамыту үшін көмір химиясы ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделген», деді аймақ басшысы.
Бөлісу:
