Қоғам
1 мин оқу 531
Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді
<p style="text-align: justify;">27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылдады.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.
«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.
Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып келді.
Бөлісу:
