Қоғам
1 мин оқу 210

Әлемдік БАҚ топ-менеджерлері елордада бас қосады

<p style="text-align: justify;">Жыл сайынғы &laquo;Astana Media Week-2021&raquo; шарасы 27-28 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Astana Media Week-2021 екі күнге созылады.

Ашылу салтанатында Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Жалпы апталық онлайн және офлайн режимінде өтеді деп жоспарланған. 

Astana Media Week-2021 бағдарламасының толық бағдарламасын astanamediaweek.kz ресми ресурсынан таба аласыз. Іс -шара туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде жарияланады.

AMW – әлемдік медиакеңістіктегі барынша өмірге бейімді идеяларға, авангард шешімдерге, ілгершіл пікірлерге арналған жыл сайынғы шара. Биыл бесінші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Бөлісу:
Әлемдік БАҚ топ-менеджерлері елордада бас қосады · Egemen Qazaqstan