Спорт
1 мин оқу 400

Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға кімдер шықты?

<p style="text-align: justify;">Футзалдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде 24 құрама сынға түсті. Әрбір топтан бірінші және екінші орынға ие болғандары 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Олардың қатарына үшінші орындағы үздік көрсеткішке ие болған құрамалар қосылды.

Әлем чемпионатында Қазақстан А тобында Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым түсті. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнап, бірінші орын алды. Енді олар 23 қыркүйекте 1/8 финалда Таиланд құрамасымен додаға түспек.

1/8 финалдағы өзге жұптар:

22 қыркүйек. Ресей - Вьетнам (Вильнюс)

22 қыркүйек. Венесуэла - Марокко (Каунас)

23 қыркүйек. Аргентина - Парагвай (Вильнюс)

23 қыркүйек. Бразилия - Жапония (Каунас)

24 қыркүйек Өзбекстан - Иран (Вильнюс)

24 қыркүйек. Португалия - Сербия (Каунас)

24 қыркүйек. Испания - Чехия (Вильнюс)

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

Бөлісу:
Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға кімдер шықты? · Egemen Qazaqstan