Мұғалімдер үшін «English Ауылда» бағдарламасы басталды
<p style="text-align: justify;">20 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған ауыл мектептерінде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша «English Ауылда» бағдарламасы басталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бағдарлама «Jana Dunie» жеке қайырымдылық қорының қаражаты есебінен «Terenoi» онлайн-мектебімен бірлесіп қаржыландырылады. «Terenoi» біліктілікті арттыру курстары мұғалімдермен ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдісімен бөліседі.
Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мұрындық болуымен жүзеге асырылуда.
